БАСЫМДЫ ҚАТЫРМАҢДАР..... ...Мен жайлы...
Біреулерге ұнамағам, ұнағам,
Ұнамадым-деп тағы да жыламағам.
Ұнатты-деп біреулер елең етіп,
Кеуде керіп өзімді сынамағам.
Кей жандар мақтады да, даттады да,
Жақсысы тек сыртымнан мақтауы да.
Біразы көлеңкемнен даттап жатса,
Біраз досым сыртымнан ақтады да.
Ешкімде алысым жоқ берісім жоқ,
Жақсыға ісі үшін алғысым көп.
Қалғаны біле жатар жасағанын,
Деседе оларға қарғысым жоқ..
Тым ақылды емеспін асып тұрған,
Ақымақта емеспін жасық болған.
Біреу мені алдау ға тырысқанмен,
Алданған соң, алдауғада машықтанғам.
Біреудің айтқан сырын тасымағам,
Опасыздық көрсемде жасымағам.
Жамандарға түскен күнім әдірең қал,
Сөздеріме бірі шыдап, шыдамаған.
Шын дос шыдап, сын деп қабылдаса,
Шыдамаған шақша басқа шағымданған
Мен ешкімге жалпақтап жалынбағам.
Тас қамалда емеспін алынбаған,
Мен сыйына сый еттім сый еткеннің.
Пасықтыққа оп-оңай салынбағам,
Көре алмай салын суға батырғандар.
Ішінен арам ойға сатылғандар,
Себепсіз менімен шатылғандар.
Қәзірде өсек айтып отырғандар...
Бұл менің өз өмірім өзім білем,
Сондықтанда басымды қатырмаңдар..☝